Әжесі немересінің қолы эскалаторға қалай қысылып қалғанын айтып берді

16:24, 23 мамыр 2018
604

22 мамыр күні Астана ІІД жедел басқарма орталығына сағат 12:45 шамасында балалар ауруханасына қол жарақатымен 2016 жылы дүниеге келген қыздың жеткізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Екі жасар бала бұл жарақаттарды Алаш көшесінде орналасқан ғимарат ішіндегі эскалатормен жүріп келе жатқан кезде алған, деп хабарлайды Baq.kz.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 1-бап 306-бөлігі бойынша (көрсетілген қызмет түрінің талапқа сай келмеу) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Осы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

Әжесінің айтуынша, қызы және немересі үшеуі эскалатормен төмен қарай түсіп келе жатқан. Кенет немересі қолдан шығып кетіп, эскалаторға отырып алған. Қалалық балалар ауруханасының анықтамасына сәйкес, баланың оң қолындағы бесінші саусағының орта бөлігі сынғаны белгілі болды.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Астана полицейлері эскалаторда жүру ережелерін қатаң сақтауға кеңес берді.

Естеріңізге сала кетсек, 22 мамыр күні Астанада бір топ адамның эскалаторға қолы қысылған екі жасар қыздықұтқарғаны туралы хабарлаған едік. Сондай-ақ, Сарыарқа ауданының әкімі осы жағдайға қатысты пікір білдірген-ді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!