Әзербайжан халқының саны 10 млн адамға жетіп қалды

16:53, 18 ақпан 2019

Әзербайжан халқының саны 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 9 981 457 адамға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мемлекеттік статистика комитетінің ақпаратына сәйкес, тұрғындардың 52,8 проценті қалаларда, 47,2 проценті – ауылдарда тұрады. Олардың 49,9 проценті ерлерді, 50,1 проценті әйелдерді құрайды.

Халық тығыздығы – әр шаршы метрге 115 адамнан.

Халықтың 4,6 проценті Нахичеванда, 22,8 проценті – Бакуде, 20,3 проценті – Аранда, 12,9 проценті – Гянджа-Газахта, 9,4 проценті – Лянкяранда, 30 проценті – елдің басқа да экономикалық аудандарында тұрады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!