EXPO-2017 қарсаңында елордалық құтқарушылар ағылшын тілін үйренуде

14:02, 22 сәуір 2017

«EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық шеңберінде Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде ағылшын тіліне оқыту күрстары бастау алды. 

Оқытудан Департамент және оның ведомстволық бағынысты әрі құрылымдық бөлімшелерінің инженерлік-инспекторлық құрамы өтуде, барлығы 62 адам. Аталған ауқымды іс-шараға елордамызға екі миллионнан астам қатысушылар мен қонақтар келуі күтілуде. Көрмені өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар туындауының алдын алу мақсатында тілдік кедергіні жою қажет. 

Осы орайда, инженерлік-инспекторлық құрам көрменің шетелдік қонақтары мен қатысушыларының сұрақтарына сауатты әрі анық жауап беруі тиіс. Оқу бағдарламасына сәйкес, бастаушы және жалғастырушы топтарға барлығы 72 академиялық сағат жоспарланған. 

 

Курс аяқталысымен қызметкерлер ағылшын тілінде өзін-өзі таныстыру, шетелдік қонақтармен әңгіме жүргізу бойынша тестілеуден өтеді. Тестілеу нәтижесі бойынша сертификат табысталатын болады.

Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты хабарлайды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!