Әуе компаниялары енді «қара тізімге» жолаушыларды өздігінен кіргізе алмайды

16:46, 21 қыркүйек 2021

© Сурет: zakon.kz

Авиакомпаниялар жолаушыларды әуе тасымалына шектеу қойылған тұлғалар тізіміне жолаушыларды өздігінен тіркей алмайды, бұл тек сот шешімімен ғана мүмкін нәрсе. Бұл туралы Мәжілісте көлік мәселелері бойынша түзетулер мен өзгерістерді таныстыру кезінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Берік Камалиев мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

"Қара тізімге" келетін болсақ, авиакомпаниялар оны дербес толтыра алмайды. Негізінен, 99% жағдайда "Эйр Астана" осылай жасай алады, өйткені олардың жеке тізімі бар. Енді біз бұл тізімді тек сот шешімі бойынша толтықтыруға рұқсат беруді ұсынамыз. Олар тәртіп бұзушыға қатысты әуежайда әкімшілік хаттама толтырып, сот шешімі шыққанға дейін оны уақытша "қара тізімге" енгізе алады, - деді ол.

Осы жағынан алғанда, ұсынылған заң жобасына сәйкес, азаматтарды мұндай тізімге тек әуе кемесінің бортындағы құқық бұзушылықтар үшін және олардың кінәсі қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту нәтижесінде дәлелденген жағдайда ғана енгізуге болады.

Сондай-ақ, заң жобасы азаматтық авиация саласындағы қасақана бұзушылықтарға немесе әдепсіз қылықтарға төзбеу қағидатына сүйенетін "әділетті мәдениет" институтын енгізіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!