Әскери институтта Талғат Бегелдиновті еске алды

22:43, 12 қараша 2019

Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанттар ұлы ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бегелдиновті еске алды.

Еске алу іс-шарасынд аәскери институт бастығы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов болашақ ұшқыштар мен инженерлерге отандастарының батырлықтары мен еліне-жеріне деген сүйіспеншілік пен жанқиярлық ерліктері туралы естеліктердіа йтты.

 

«Бірінші реет Кеңес Одағының Батыры атағы ұшқыш - аға лейтенант Бегелдиновқа 1944 жылдың қазан айында ерлігі мен жауынгерлік шеберлігі үшін берілді. Сол кезде төрт жау ұшақтарын талқандаған батыр, дәл сендердей 22 жаста болды», - деді ол төртінші курс курсанттарына.

 

Бір минут үнсіздіктен кейін әскери институт басшылығы мен курсанттар батырдың мүсініне гүл шоқтарын қойды. Қоладан құйылған ескерткіш ұшу институтында 10 жылбұрын бой көтерген. Сол кезде аты аңызға айналған ұшқыш монументтің ашылуы рәсіміне қатысқан.

Еске алу шарасы «Аспанға жол», атты деректі өмір баяндық фильмнің көрсетілімімен аяқталды.

1941-1945жж. Ұлы Отан соғысының ардагері, ер жүрек ұшқыш Талғат Бегелдинов 2014 жылдың 10 қарашасында 93 жасында өмірден озды. Берлин үшін шайқасқа қатысқан батырға 1945 жылдың маусымында екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол барлығы 305 жауынгерлік ұшу жасады.

Екі мәрте Кеңес Одағының батыры ретінде Талғат Бегелдинов «Алтын жұлдыз» медальмен марапатталды. Әржылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-ші, 3-ші және 12-ші шақырылымының депутаты болып сайланды, ҰОС мүгедектері мен жетім балаларға Халықаралық қайырымдылық қорын басқарды.

Оның есімімен Қазақстанның әртүрлі қалаларында көшелер аталады. Сонымен қатар Орталық Азиядағы Қарулы Күштер мен басқа да күш құрылымдары үшін авиациялық мамандар дайындайтын жалғыз жоғары әскери оқу орны – Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты аңыз адамның есімімен аталады.

 

ӘҚК Әскери институтының баспасөз қызметті


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!