Әскерге шақырту қағазының орнына SMS келетін болды

20:40, 21 қаңтар 2021
451

Өткен 2020 жылы 34 мыңға жуық азамат әскери қызметке шақырылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектановтың басшылығымен өткен кеңейтілген кеңес барысында айтылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жалпы, өткен жылғы шиеленіскен қиындықтар мен мәселелер кезінде әскерлерді шақыру мен жасақтауға байланысты барлық міндеттерді шештік. Ең бастысы, біз болашақта тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін белгілі бір тәжірибе алып, машықтандық, - деді генерал-лейтенант Мұрат Бектанов.

Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының ақпараты бойынша, медициналық куәландыру сапасы жақсарды. Мәселен, 2019 жылы әскери қызметке қатысты емес 22 сырқат түрі анықталған. Өткен жылы расталғаны екеу. Сонымен қатар, әскерге шақырылушылардың барлығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылмаған, сондықтан алғашқы медициналық куәландырудан кейін одан әрі емдеу мақсатында оларға қажетті медициналық қызметтер әрдайым қолжетімді бола бермейді. Бұл үшін әскери-дәрігерлік комиссия (ӘДК) мамандарының Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігі қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ, әскерге шақыру науқаны кезінде әскерге шақырылушыларды уақтылы хабардар ету мәселелері толық шешілген жоқ. Осыған байланысты "электронды үкіметтің" деректер базасымен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл әскерге шақырылушыларды белгілеуді жеңілдетеді және оларды SMS-хабарламалар арқылы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!