Есік сынып, көліктердің әйнегі бүлінді. Түнде жан-жағын жайпаған ер адам ұсталды

15:40, 20 қыркүйек 2021

© Сурет: pixabay.com

Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда мас ер адам подъезді бүлдіріп, аулада тұрған көліктердің терезелерін сындырды, деп хабарлайды zakon.kz.

18 қыркүйекке қараған түні полицияға мас ер адамның аулада тұрған көліктердің терезелері мен подъездің есігін сындырып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Белгілі болғандай, ер адам жалдамалы пәтерде әріптестерімен ащы судан алып, содан кейін сыртқа шықпақ болған.

Подъездің аузында тұрған "самокатты" алып, сонымен айналасындағыларды шаға бастаған. Салдарынан әйнек те, есікті де бүлінді, содан кейін ол есік алдына шығып, аудалада тұрған көліктердің әйнегін қолындағы "самокаттан" қалған бөлікпен ұра бастайды. Белгілі болғандай, жалдамалы пәтердегі отырыстың соңы төбелеске ұласқан. Барлық тәртіп бұзушылар анықталып, полицияға жеткізілді, - деді қалалық ПД.

Бұл фактіге сәйкес, Есіл ауданының ПБ " Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!