Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

13:01, 21 қазан 2020
325

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қауылысымен Нүсіпова Әсем Бекқызы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында туған.

1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "экономика" мамандығы бойынша, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.

2001-2003 жж. – Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі.

2003-2005 жж. – ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі. 2005 ж. – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2005-2007 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі. 2007-2008 жж. – ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.

2008-2016 жж. – "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

2016-2019 жж. – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2020 ж. – "Астана" Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" АҚ бас консультанты. 2020 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!