Ержан Сәденов Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

© Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысы Ержан Сәденовті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындау туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды
Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің жоғарғы мектебін тәмамдаған.
Ішкі істер органдарында 1993 жылғы шілдеден бастап орта және аға басқарушы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол.
Әр жылдары Риддер, Өскемен қалалары полиция басқармаларының, Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы, Маңғыстау облысының Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, ІІМ жедел департамент басшысы, көліктегі полиция департаментінің басшысы болып қызметті етті.
2016 жылғы маусым айындаҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Полиция департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
2019 жылдың сәуір айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарып келді
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:54, 25 мамыр 2022
Швеция мен Финляндия Түркия талабын орындамайынша НАТО-ға ене алмайды – Анкара
-
23:50, 25 мамыр 2022
БАӘ-де маймыл шешегіне шалдыққан бір адам анықталды
-
23:37, 25 мамыр 2022
Оқыс оқиға кезіндегі Шымкент тұрғынының әрекеті көпшілікті тәнті етті
-
23:15, 25 мамыр 2022
Оралда баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр
-
22:43, 25 мамыр 2022
Маңғыстауда жол апатынан жеті түлек зардап шекті. Екеуінің жағдайы өте ауыр