Ертіс пен Сырдария өзендерінің су деңгейі бақылауға алынды

08:35, 15 қаңтар 2020
785

2020 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде Ертіс және Сырдария өзендері су деңгейінің көтерілуі бойынша ахуал туралы брифинг өтті. Спикер болып Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Б.Дұзақбаев сөз сөйледі, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ертіс өзенінде мұзқатқы жүруіне және мұз кептелісінің орын алуына байланысты өзендегі судың деңгейі көтерілді. Осының салдарынан Восточный, Мирный кенттерінің және Полковничий аралының тұрғын алаптарын су басу қаупі туындады. 13 қаңтарда сағат 18:00-де Полковничий аралындағы тұрғын үйдің ауласына су кірді. Осы үйдің тұрғындары 8 адам, оның ішінде 3 бала эвакуациялау пунктіне эвакуацияланды.

Шығыс Қазақстан облысының ТЖД және полиция қызметкерлері аталған елді мекендерде тұратын тұрғындарды су басу қаупі туралы алдын ала хабардар етті және су тасқыны жағдайы кезіндегі алғашқы іс-әрекеттер бойынша нұсқаулық жүргізді. Сонымен қатар құтқарушылар өзен жағасында тәулік бойы бақылау бекеттерін қою арқылы тұрақты мониторинг жүргізеді (Восточный кентінде және Полковничий аралында). Азық-түлікпен қамтамасыз етілген алты эвакуациялау пункті ұйымдастырылды. ТЖ департаментінде азаматтық қорғау органдарының іс-қимылдарын үйлестіру үшін жедел штаб құрылды.

Қазіргі уақытта Ертіс өзенінің су деңгейі төмендеуде. 455 см сыни белгідегі судың нақты деңгей 445 см құрайды. Жағдай бақылауда.

2019 жылғы 1-5 желтоқсан аралығында температураның жоғарылауына (+2-ден +10 градусқа дейін) және мұз құбылыстарының әлсіз болуына байланысты Сырдария өзенінің гидрологиялық бекеттерінде су деңгейінің көтерілуі орын алды.

Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеуде.

Бұл ретте Сырдария гидрологиялық бекеті Қараұзақ тармағындағы судың нақты деңгейі 695 см. 13 қаңтарда сағат 18.00-де судың деңгейі 2 см төмендеді. Бұл ретте, қауіпті белгі-665 см, сыни белгі - 770 см. Жақын маңдағы Жосалы елді мекеніне дейінгі қашықтық – 300 м.

Сырдария–Жосалы бекетінде судың нақты деңгейі 678 см (өзгеріссіз) құрайды. Қауіпті белгі – 680 см, сыни 720 см. Жосалы елді мекеніне дейінгі қашықтық - 200 м.

Сырдария-Қазалы бекетінде судың нақты деңгейі 639 см. 13 қаңтар сағат 18: 00-ден бастап судың деңгейі 4 см-ге төмендеді.Бұл ретте, қауіпті белгі 640 см, сыни – 749 см құрайды. Жақын маңдағы Жосалы елді мекеніне дейінгі арақашықтық 1 шақырымды құрайды.

Аталған бекеттерде ТЖ басқармасының және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері су деңгейіне мониторинг жүргізуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!