Ертіс өңірінің шаруаларына арзандатылған жанар-жағармай үлестірілді

21:04, 27 наурыз 2017

Биыл өңірде наурыз-маусым айларында жүргізілетін дала жұмыстарына 16 мың тонна отын қарастырылған.

Бұл былтырғы жылға қарағанда мың тоннаға артық. Себебі биыл ауыл шаруашылығы айналымына 60 мың гектар жер енгізіледі. Шаруалар отынның бір литрін 109 теңгеден сатып алды. Бұл нарықтағы бағадан 30 пайызға арзан. 

Айта кетейік, облыста егін шаруашылығымен 900-ге жуық кәсіпорын айналысады. Биыл өңір шаруалары 1 миллион 280 мың гектарға тұқым сеппек. 

Байболат Рақымжанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:  

-Көктемгі түскен ылғалды қосқанда тұрақты өнім алуға деген жақсы негізіміз бар. Тек қана бұл ылғалды көктемгі жұмыс кездерінде дұрыстап сақтай білу керек. Агротехникалық шараларды дұрыстап қолдана білген кезде, жақсы өнім алуға деген сенім болады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!