Ертең жаңбырдың арты қарға айналады

11:53, 21 қазан 2020

Қазақстан аумағына Скандинавия аймақтарынан циклон әсер етеді, ол өзімен бірге ылғалды және суық ауа массаларын әкеледі, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Онымен бірге жауын-шашын келеді, жаңбыр қарға ұласады. Әсіресе, бұл оңтүстік-шығыста және шығыста қатты білінеді.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады. Шығыста, таулы және тау бөктеріндегі облыстарда аптаның аяғында бұрқасын болады.

Түнде термометр елдің солтүстігінде және орталығында 5-13 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда кей жерлерде минус 3 градус аязға дейін төмендейді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!