Ертең Алакөлге пойыз жүре бастайды

11:46, 1 маусым 2020

2 маусымнан бастап "ҚТЖ" ҰК" АҚ Алакөлге апаратын пойызға билет сатыла бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Белгіленген ережеге сәйкес, Қазақстанда жолаушылар пойыздарының жүрісі үш кезеңде басталады:

Бірінші кезең - 1 маусымнан;

Екінші кезең - 10 маусымнан.

Алакөл көліне дейін келесідей бағыттарға теміржол билетерінің сатылымы ашылды:

"2 маусымнан бастап №6941/6942 "Ақтоғай – Достық" және №22/21 "Қызылорда – Семейный" пойыздары, "Алматы – Достық" бағытында қайта отырғызусыз вагондары күнара жиілікпен жүре бастайды.

Сонымен қатар, №121 / 122 "Нұр-Сұлтан – Семейный" және №6941 / 6942 "Ақтоғай – Достық" пойыздары құрамында "Нұр-Сұлтан" қайта отырғызусыз вагондары, сондай-ақ 12 маусымнан бастап №54/53 "Нұр-Сұлтан – Достық" бағытындағы пойыз аптасына екі рет қатынайтын болады", - делінген хабарламада.

Сонмен қатар, осы бағытқа сұраныстың жоғары екенін және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстанда қосымша келесідей пойыздар іске қосылуы мүмкін:

1) №13/14 "Алматы – Достық", аптасына 3 рет;

2) №258/257 "Нұр-Сұлтан – Достық", аптасына 2 рет;

3) №45/454 "Алматы – Достық", аптасына 3 рет;

4) №457/6941 // 6942/458 "Семей – Шар – Достық", күнара;

5) №459/6941 // 6942/460 "Өскемен – Шар – Достық", күнара.

Егер Алакөл бағытына сұраныс артса, "ЖТЖ" ҰК" АҚ қосымша вагондар ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!