Ерлі-зайыпты Храпуновтардың ісі сотқа жіберілді

18:02, 13 шілде 2018
427

Алматы қаласының прокуратурасы Виктор мен Лейла Храпуновтарға, А.Ильясовқа және 9 адамға қатысты істі сотқа жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz қадағалау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратураның айтуынша, Қазақстанда Храпуновтар мен Ильясовтың жоқтығы, сондай-ақ прокуратураға келуден жалтару себебі бойынша, айыптау актілерінің көшірмелері олардың қорғаушыларына берілді.

Осы жылдың 15 және 27 ақпанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың ұлттық бюросы айыпталушыларға, іс-әрекеттеріне қатысты жауап алу үшін келулерін талап еткен. Бұл адамдар мемлекеттік мүлікті иемдену, алаяқтық, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, пара алу және ұрланған мүлікті заңдастыру бойынша айыпталады, - деп хабарлады прокуратура өкілдері.

Тергеу деректері бойынша мемлекетке келтірілген залал 250 миллион АҚШ долларынан асады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 335-бабына сәйкес, егер айыпталушы Республикадан тыс жерде болса және сотқа келуден жалтарса, сот істі оларсыз қарауға құқылы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!