Ерлан Көкеев әуе компаниясынан қомақты өтемақы талап етпек

12:21, 16 қаңтар 2018
435

Жолжүгі бүлініп, әлеуметік желі арқылы әуе компаниясына шағымын білдірген Ерлан Көкеевтің ашуы әлі тарқар емес. Енді музыкант, кінәлілерден миллиондап өтемақы талап етпек. Шу шығарған өнерпаз, елдің артық сөзінен де қорықпаймын дейді. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Өнердегі достарынан оңтүстік астанаға арнайы шақырту алған Көкеев мырза, әуежайда келеңсіз оқиғаға тап боламын деп ойламаған. 25 жылда мұндай сұмдықты көрмеппін деген музыкант, заттарын дін-аман жеткізбеген әуе компаниясын заңмен тиісті жазалаймын деген райынан қайтар емес.

“Қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Заң бойынша білімім жеткіліксіз болғандықтан, бұл мәселені сол саланың мамандарына тапсыруды жөн көрдім. Бірақ, мұны жайдан жай қалдырмаймын. Тіпті, кінәлілерден қомақты өтемақы сұрамақпын”, – дейді музыкант.

Қымбат гитарасының қорабы бүлінген әншіні, желі қолданушыларының бірі «жүгіңе өзің ие болуың керек еді» деп айыптаса, екіншісі «ең бастысы аспаптан ақау шықпаса болды емес пе?» деп жазғыруда.

“Кім не десе о десін, жұрттың сөзіне назар аудармаймын. «Керуен көшеді, ит үреді». Маған бәрібір, әркімнің өз ақиқаты бар”, – дейді Көкеев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!