Ерке Есмахан тыңдарманын тың туындысымен қуантты

12:39, 8 қазан 2018
504

Әр әні хитке айналып, барлық рекордтарды бұзатын Ерке Есмахан тыңдармандарын тың туындысымен қуантты. Өнер иесі “Неге” атты әнге түсірілген бейнебаянын жарыққа шығарды. Аталған трек Еркенің тырнақалды фильмінің саундтрегі болып табылады, деп жазады Stan.kz.

“Қош махаббат” – Еркенің продюсерлігімен түсірілген кинокартина дәл осылай деп аталады. Фильм романтикалық комедия жанрында түсірілген.

Аталған картинаны қазақстандықтар 25 қазаннан бастап тамашалай алады. Айтпақшы, Есмахан бұл картинада тек қана продюсер емес, сонымен қатар басты рөлді сомдаушы актриса. Фильмге Еркемен бірге белгілі вайнер Шәріп Серік түскен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!