Ердоған Путинге Зеленскиймен Түркияда кездесуді ұсынды

17:00, 6 тамыз 2022
383

© Сурет: kremlin.ru

Режеп Тайып Ердоған Түркияны Ресей мен Украина президенттері Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесу алаңы ретінде ұсынуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркия президенті Украинадағы дағдарысты шешуде әлі де дипломатиялық жолды таңдауға шақыратынын жеткізді, деп хабарлайды РИА Новости.

Әр жердегі қиындықтарға қарамастан, украин дағдарысы келіссөздер үстелінде шешілетініне сенімдімін. Путин мырзаға Зеленский мырзамен кездесуін ұйымдастыра алатындығымызды тағы бір мәрте еске салдым. Біз аймақтық және жаһандық бейбітшілікке өз үлесімізді қосу үшін Қара теңіз жағындағы көршімізбен, Ресеймен барлық саладағы диалогты дамытуды жалғастыруға барымызды саламыз. Құдайдан Сочидегі кездесулеріміз біздің аймақ, әсіресе Түркия мен Ресей үшін пайдалы болса деп сұрап, дұға етемін. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған

Ердоғанның айтуынша, Сочидегі кездесулер екі ел үшін де пайдалы.

5 тамызда Ресей мен Түркия басшылары арасында шағын форматта екіжақты келіссөздер өтті. Путин мен Ердоған халықаралық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін Мәскеу мен Анкара арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығын талқылады. Кездесу төрт сағаттан астам уақытқа созылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!