Ералы Тоғжанов Қарақат Башанова мен Данияр Елеусіновті қабылдады

2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова XVIII "Junior Eurovision" əн байқауында ІІ-орын алған Қарақат Башанованы, əнші орындаған Forever əнінің авторы, композитор Хамит Шанғалиевті жəне орта салмақта IBF Intercontinental алтын белдеуінің иегері Данияр Елеусінов пен боксшының əкесі Марат Елеусіновті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.
Ералы Тоғжанов пен министр Ақтоты Райымқұлова Қарақат Башанова мен Данияр Елеусіновке халқымызды жарқын жеңіспен қуантып, еліміздің атын шығарып жүргені үшін алғыс айтты.
Айта кетейік, Қарақат Башанова XVIII "Junior Eurovision" əн байқауында 152 ұпай жинап, екінші орын алды.
Ал Данияр 28 қарашада АҚШ-тың Флорида штатында бокс кешінде намибиялық Джулиус Индигоны 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Кəсіпқой бокстағы 10-ыншы жекпе-жегін өткізген отандасымыз алғашқы алтын белдеуін иеленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:43, 15 қаңтар 2021
Нұр-Сұлтанда кафе мен мейрамханалардың жұмыс уақыты өзгертілді
-
21:33, 15 қаңтар 2021
Нұр-Сұлтанда сауда-ойын сауық орталықтары қалай жұмыс істейді
-
17:51, 15 қаңтар 2021
ШҚО-дағы шектеу шаралары 31 қаңтарға дейін ұзартылды
-
17:08, 15 қаңтар 2021
Тұңғыш Президент Кітапханасының директоры тағайындалды
-
17:04, 15 қаңтар 2021
Тоқаев дауыс беру кезінде қалыс қалған қос партияға қатысты пікір білдірді
Пікір