ЕО кеңесі санкцияларды айналып өтуді қылмыстық құқық бұзушылықтар тізіміне енгізді

19:40, 28 қараша 2022
121

© Сурет: europarl.europa.eu

Еуропалық Одақ кеңесі ЕО-дағы қылмыстық құқық бұзушылықтар тізіміне санкцияларды айналып өту әрекетін де жатқызу туралы шешімді бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЕО кеңесі санкциялық шараларды бұзу әрекетін Еуропалық одаққа қарсы қылмыстар тізіміне енгізуді бірауыздан мақұлдады, делінген заң шығарушы органның сайтында.

Еурокомиссия бұл шараны 2022 жылдың мамыр айында ұсынған болатын.

Бұған дейін Әділет жөніндегі еуропалық комиссар Дидье Рейндерс мұндай шешімді қабылдау ресейлік бизнестің активтерін тәркілеуге жол ашатынын жеткізген.

ЕО Ресейге қарсы сегіз санкция пакетін енгізді, енді тоғызыншысын әзірлеп жатыр. Енді Еурокомиссия санкциялар мен жазаларды айналып өтуге қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтайтын директива әзірлеуі керек.

Осы құжатта айтылғандай, қазіргі уақытта одаққа мүше мемлекеттерде шектеу шараларын бұзу және бұзушылық орын алған жағдайда қандай жазалар қолданылуы керектігіне қатысты әртүрлі анықтамалар беріледі.

"Бұл санкциялардың әртүрлі дәрежеде қолданылуын және осы шараларды айналып өту қаупін туғызуы мүмкін, бұл санкцияға ұшыраған адамдардың өз активтерін пайдалануды жалғастыруға және ЕО шектеу шаралары бағытталған режимдерді қолдауға мүмкіндік береді", делінген ЕО кеңесінің хабарламасында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!