Әнуар Жанғозин Нұр-Сұлтанның Білім басқармасы бастығы қызметінен кетті

16:31, 9 қазан 2019
120

Әнуар Жанғозин Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы бастығы қызметінен кетіп барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл жаңалығымен Facebook-те бөлісті.

– Бүгін қаламызда білім басқармасының жетекшісі ретінде жасаған қызметім өз мәресіне жетіп отыр. 3 жыл ішінде күрделі де мазмұнды жұмыстар атқарылды. Елімізде алғаш енгізіліп жатқан жобалар, азаматтарға қатысты түрлі мәселелерді шешу, өз ісінің кәсіби мамандарымен жұмыс жасау мені бақытқа бөледі, деп жазды ол.

Әнуар Жанғозин Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының басшысы қызметіне 2017 жылдың тамыз айында тағайындалған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір