Әнуар Садықұлов ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды

12:43, 16 қаңтар 2020
538

Әнуар Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды", делінген Ақорда хабарламасында.

Әнуар Садықұлов 1967 жылғы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы зооветеринар институтын бітірген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған. 1985-1987 жылдары КСРО Қарулы күштері қатарында мерзімдік әскери қызметтен өтті.

Еңбек жолы:

ҚР Президенті күзет қызметінің әскери қызметіне алынды. Қызметін Қазақстан президентінің жеке күзетінің әр түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарында өткерген (10.1992-2006);

ҚР Президенті күзет қызметі бастығының орынбасары – жеке күзет департаментінің бастығы (03.2006-01.2012);

ҚР Президенті күзет қызметі бастығының орынбасары – президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы (01.2012-01.2013);

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – "Арыстан" қызметінің бастығы (01.2013-03.2013);

ҚР Президенті күзет қызметі бастығы (03.2013-04.2014);

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы (21.04.2014-07.2014);

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – "Арыстан" қызметінің бастығының орынбасары (07.2014-06.2019);

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы (06.2019).


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!