Әнші Кенжебек елдің қарғысына қалмас үшін не істейтінін айтты

14:51, 16 шілде 2019

Әнші Кенжебек Жанәбілов әлеуметтік желілер арқылы өздеріне бағытталған толассыз сынға қалай тойтарыс беретінін айтты. Бұл туралы әнші «Ережесіз әңгіме» бағдарламасына берген сұқбатында жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бізге көп сын айтылады. Орындысы бар, орынсызы бар. Дәрігерлердің өзі таң қалады. "Қалай осынша сын айтылып жатқанда шыдап жүресіңдер? Мысалы, біздің бригадаға бір сын тисе, сұмдық қырылып қала жаздаймыз. Ал мынша сынға тойтарыс беріп, халықтың көңілін тауып жүру оңай шаруа емес сендердікі. Сондықтан өнер адамы мұндайда табиғат аясына шығып, бір сергіп қоюы керек" деп кеңес берген. Мен өзім де аңға шыққанды жақсы көрем.

Әрине, сынға шыдамағанда қайтесің? Ет өліп кетеді ғой. Ал кейбір сынға жауап беруге тырысамыз. Мысалы, біреулер жекеңе шығып: "Кеше тойда сенімен суретке түсейін деп ем, бірақ өзіңше боп кетіп қалдың" деп жазады. Жауап береміз оған. "Қатты суретке түскің келсе, кел мұнда" деп мекен-жайды жазып жібереміз. Рас. Құрысын, осының қарғысына, назына қалмайың дейсің", - дейді ол.

Сондай-ақ әнші Нұр-Сұлтан қаласында берген концерті 100 процент жанды дауыспен өткенін де мақтанышпен жеткізді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!