Енесінің амандығын тілеген Қайраттың әйелі елді тәнті етті

15:19, 24 қыркүйек 2018

Қайрат Нұртастың әйелі енесімен түскен суретінің астына жүрек тебірентер жазба жазды деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атақты Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз енесімен түскен суретін желіге жүктеп, "- Әлі-ақ анауууу тұрған, ең биік таудың шыңына жетеміз... Бұйыртса! Аллаh күш қуат берсін Сізге, Мам!" деп жазды.

Суретте екінші анасы Гүлзира Айдарбекова екеуі биікке қол бұлғап тұр.

Мұны көрген желі оқырмандары "И жаным енеңді сыйласаң Алла сені сыйлайды. Бақытты бол, жаным. Өркенің өссін!", "Алланың сүйген құлы болыңдар, қайырымды болыңдар! Алла екі еселеп береді. Əлі-ақ шыңнан көрінесіңдер" деген сияқты ізгі ниеттерін жаудыруда.

Бірақ арасында бұл жазбаны ұнатпай, Жұлдызды сынға алғандар да жетерлік. Олар: "Осы жетістіктерің жетпей ме? Әйтеуір хан боламыз, ел басқарамыз демесеңдер болды", "Арманы Қайратты мәдениет министрі ету шығар?!" деге жазбаларымен қатар, дөрекі сөздер де жазған.




Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!