Энергетика вице-министрі Беларусь еліне мұнайды қандай жолдармен жеткізуге болатынын айтты

12:24, 28 қаңтар 2020

ҚР Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков Үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Қазақстанның Беларусь еліне мұнай экспорттау мүмкіндігі мәселесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қазір біз Беларусь еліне мұнайды теміржол жүк тасымалы арқылы жеткізу мәселесін талқылаудамыз. Сол секілді ол "Атырау-Самара" мұнай құбыры және "Достық" жүйесі арқылы да мүмкін, - деді Жүребеков.

Сонымен бірге ол Ресей мен Беларусь Республикасының мұнай тасымалы дауына Қазақстанның ешқашан араласпағанын баса атап өтті.

- Жоқ, біз Ресей тарапымен келіссөздер жүргізген жоқпыз, өйткені Беларусь Республикасына "Дружба" жүйесі арқылы мұнай тасымалдау сол елдің өз бастамасы болды. Сондықтан біз Беларусь пен Ресей арасында туындаған бұл мәселе өз шешімін табуы керек деп санаймыз, - деп сөзін түйіндеді министрлік өкілі.

Осыдан бір апта бұрын Беларусь Президенті Александр Лукашенко: "Егер Ресей өз келісімін беріп жатса, Қазақстан бізге мұнай тасымалдай алады", деп мәлімдеген болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!