Энергетика министрлігі сұйытылған газдың көтерме бағасын сақтауды жоспарлап отыр

10:17, 12 қараша 2025

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары аясында сұйытылған мұнай газының көтерме өткізуінің шекті бағасын бекіту туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, сұйытылған мұнай газының көтерме өткізуінің шекті бағасы қазіргі деңгейде – тоннасына 59 722 теңге мөлшерінде қайта бекітіледі. Бұл баға 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыста болады.

Жоба "Ашық НҚА" порталында 25 қарашаға дейін көпшілік талқылауына шығарылған.

Еске салайық, 2025 жылғы 1 тамыздан 31 желтоқсанға дейін Қазақстанда сұйытылған газдың көтерме бағасы тоннасына 59 722 теңге мөлшерінде белгіленген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!