Енді жұма күнгі уағызды online тыңдауға болады

15:21, 20 қыркүйек 2018

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Al Saqr Finance Компаниясы «Уақып» қорының қолдауымен жаңа жобаны іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді жұма уағызын on-line трансляцияда тыңдауға болады. Трансляция әр жұмада Астана қаласындағы «Әзірет сұлтан» мешітінен жүргізілмек.

Тағы бір айта кетерлік жаңалық: жұма уағызы қазақ тілінен орыс және ағылшын тілдеріне синхронды түрде бірден аударылып отыратын болады. Бұл жоба қай өлкеде болсаңыз да, жұма уағызын тыңдай алу мүмкіндігін берумен қатар жұма уағызының орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімділігін арттырмақ.

Оn-line трансляциға қосылу үшін www.alsaqr.kz сайтына кіріп, "play" батырмасын басқаннан соң өзіңізге қолайлы тілді таңдау қажет. Уағыз тыңдау үшін қолыңызда интернетке қосылған ұялы телефон мен құлаққап болса жеткілікті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!