Енді WhatsApp-та хабарламаны жібергеннен кейін екі күннен соң да өшіруге болады

14:08, 9 тамыз 2022

© Сурет: unsplash

WhatsApp мессенджері жіберілген хабарламаны жіберілген сәттен бастап екі күн және 12 сағат ішінде жоюға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін хабарламаны 1 сағат 18 минут 16 секунд ішінде ғана өшіруге мүмкіндік бар еді. Енді бұл шектеу ұзартылды.

Дегенмен қазір де WhatsApp мессенджерінде пайдаланушының хабарламаны жойғаны туралы жазба болады.

Telegram немесе iOS 16 жүйесіне арналған iMessage қолданбаларында хабарларды із қалдырмай жоюға болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!