Енді пойызға мінерде тамақ алып жүрмесеңіз, жолда аш қаласыз

16:15, 1 маусым 2020
176

Теміржол вокзалдарындағы жабайы сауданы кім қадағалайтынын Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық инспекторы Сәдуақас Байғабылов айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол жолаушылар вагондарында ғана емес, теміржол және автостанция ғимараттарында да жабайы саудаға тыйым салатынын атап өтті.

"Бұрын вагон-вагонды аралап, ыстық шай, дайын тамақ өнімдерін ұсынып, саудагерлер жүретін. Енді мұндайға жол жоқ. Шара қабылданады, ережелердің сақталуы қадағаланады", - деді Сәдуақас Байғабылов Facebook-тегі онлайн-брифинг барысында.

Сонымен қатар, пойыздағы мейрамхана да жұмыс істемейтіні белгілі болды.

"Егер вагондағы мейрамханалар жұмыс істейтін болса, онда жолаушылар пойыздың барлығын аралай бастайды. Сондықтан жолаушыларды бір көліктен екіншісіне жүруіне тыйым салынды. Теміржол вокзалдарында және автовокзалдарда заңды сауда нысандары, яғни бутиктер бар, оларға тамақ сатуға рұқсат етіледі, бірақ белгілі бір санитарлық нормаларды ескере отырып", - деді Көліктегі бас санитарлық дәрігер.

Көліктегі полиция өкілдері жабайы жолмен сауда жасайтындарды вокзалға да, вагондарға да жақындатпауға күш салады.

"Олар станцияларда рейд жүргізеді. Сонымен қатар мобильді топтар бар, олардың құрамына тауарлардың сапасын бақылау және көлік қауіпсіздігі қызметтерінің мамандары кіреді. Егер мұндай фактілер болса, біз пойыз бастығына, тасымалдаушыларға және вокзал басшысына қолданылатын қатаң талаптарды қолданамыз", - деп сөзін толықтырды Байғабылов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір