Енді Ермегияев та түрмеден шығуы мүмкін – дереккөз

16:51, 15 қазан 2019

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтан кейін "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев та бостандыққа шығуы мүмкін. Бұл туралы өзіндік дерек көзге сілтеме жасап, "Строгий агашка" Telegram арнасында жазылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқықтық құрылым саласындағылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның тергеу департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Олеся Кексель мен оның қол астындағылар айналысқан қылмыстық іске қызығушылық танытып жатыр. Кексель Ермегияев, Бишімбаев және бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің ісіне қатысты тергеу тобын басқарған болатын.

Осы тергеу ісі аяқталғанда Кексельдің бағы жанып, аяқ-астынан қызметтік мансабы тез жоғарлаған. Алайда, Қайрат Қожамжаров Бас прокурор қызметінен кеткенде Кексель күтпеген жерден жұмыстан кетуге арызданған. Кейбір мәліметтер бойынша, соңғы кездері ол елордада тұрып, сол арада жекеменшік заң кеңсесін ашуды жоспарлаған.

"Кексельдің "астын" үңгіп жатқан болуы әбден мүмкін. Бұл жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты атышулы қылмыстық істердің бұрмалануы туралы сөз шығар. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Кексель бұл туралы алды-ала біліп, Қазақстаннан табанын жалтырап үлгергенге де ұқсайды.Әрине, заңгерлік кеңсе ашу туралы арманы жәйіне қалған", - дейді Telegram арнаның дерек көзі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!