Еңбек министрі банк алдындағы нөпірге қатысты түсініктеме берді

13:21, 6 сәуір 2020
498

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов банктерді халыққа қашықтан қызмет көрсетуге шақырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұрымбетов банктердің мемлекеттен төлем алу үшін банктік шот ашуға келуші адамдардың көптігіне наразы екенін айтты. Карантин жағдайында адамдардың бұлайша көп жиналуына болмайды.

Біз бүгін-ертең бұл мәселені зерттеп, бір шешім қабылдаймыз. Мысалы, өтініш толтырған кезде сіздің банктік шотыңыз жоқ болса, ол ешқашан болмаған болса, онда өтініштегі осы сауал жауабын толтырмай-ақ, бізге өтініш жібермейтіндей етіп жасаймыз. Біз оны қабылдаймыз, әлеуметтік төлем тағайындаймыз және банктік шотыңыз туралы қосымша ақпарат жіберуіңізді күтеміз. Ол үшін біз SMS хабарлама жібереміз. Біз сіздің өтініш берген кезіңізден бастап бір айға дейін күтеміз, - деді ол.

Ол қазақстандық банктерді адамдардың банктік шот ашуға өтініштерін қашықтықтан жібере алатындай шаралар қабылдауға шақырды. Оның айтуынша, Халық банкі қазірдің өзінде осындай амалға көшкен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!