ӘМСҚ халықтан 503,8 млрд теңге сыпырып үлгерді

15:32, 19 қаңтар 2021

2017 жылдың 1-шілдесі мен 2021 жылдың 18-қаңтары аралығында Медициналық сақтандыру қорына 503,8 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды.

Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.

"Жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 18-қаңтарына дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 95,4 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 76,8 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 18,6 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынцша еңбек ететіндерге тиесілі", - деді филиал директоры Тлеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлеушілер саны да артып келеді. Алматы қаласы бойынша 2019 жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 193 мыңнан астам адам 372 млн теңге көлемінде БЖТ төлеген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!