Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі
Қазақстанның халық әртісі Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі. Бұл туралы бүгін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театры директорының міндетін атқарушы Азамат Сатыбалды мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Н.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі тұлғалар бейнесін жасау керектігі айтылған болатын. Осы "Ұлы тұлғалар" сериясы аясында 2019 жыл Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, саналы ғұмырын Ғ.Мүсірепов театрына арнаған сахнамыздың саңлағы Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойына орай шаралар ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі. Бұл қазақ театры мен кино өнері үшін рухани жаңғырудың ең үлкен көрінісі саналады", - деді Азамат Сатыбалды.
Айта кетейік, бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде еліміздің республикалық театрларының басшылары баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Баспасөз мәслихаты барысында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының міндетін атқарушы Сәбит Әбдіқалықов, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театры директорының міндетін атқарушы Азамат Сатыбалды, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының директоры Любовь Ни, Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі Мұрат Ахмадиев өткен жылы атқарған жұмыстары жайында есеп берді.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:08, 25 сәуір 2024
Атырау облысында өрт кезінде балалар қаза тапты: полиция оқиғаның егжей-тегжейін айтты
-
20:35, 25 сәуір 2024
Павлодарға қарасты ауылда тоқ соққан жасөспірім қайтыс болды
-
20:12, 25 сәуір 2024
Үсік, бұршақ, дауыл: Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:50, 25 сәуір 2024
Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар жолдар ашылды
-
19:29, 25 сәуір 2024
Түркістан облысында 90 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды