Елорданың зейнеткерлері Конституция күніне әлеуметтік жәрдемақы алады

11:22, 19 шілде 2018
413

Конституция күніне арналған бір жолғы әлеуметтік көмек ең төменгі мөлшердегі зейнетақы алушы зейнеткерлерге арналған, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ басқарма жасы бойынша зейнеткерлерге (ең аз мөлшеріде зейнатақы алушылардан басқа) 1-қазанда (қарттар Күні)біржолғы әлеуметтік көмек берілетіндігін хабарлайды.

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (бұдан әрі-Басқарма), 2017 жылдың 12 желтоқсанындағы № 221/25-VI мәслихатының шешімімен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесіне" сәйкес 30-тамыз (Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні) – зейнетақы алушылар санынан ең төменгі мөлшері, 1-қазан (қарттар Күні) – жасы бойынша зейнеткерлерге (ең аз мөлшеріде зейнатақы алушылардан басқа) біржолғы әлеуметтік көмек берілетіндігін мәлімдейді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар басқарма Астана қаласының екінші деңгейдегі Казкоммерцбанк (дербес және карточкалық шот), Метробанк, Банк центркредит (карточкалық және дербес шот), ФортеБанк, Нұрбанк, Банк РБК, Тұрғын үй құрылыс банктерімен қызмет көрсетуге келісімшарттар жасалмағандықтан қызмет көрсетудің мүмкін емес екенін хабарлайды.

«Осыған байланысты зейнетақы алушыларды біржолғы көмекпен қамтамасыз ету үшін Астана қаласының екінші деңгейдегі Халық Банк(дербес және карточкалық шот), Цесна банк, Қазпочта(дербес және карточкалық шот), Сбербанк(дербес және карточкалық шот) банктерінен жеке шоттарын беруіңізді сұраймыз», - деді басқармада.

Толығырақ кеңес алу үшін, Астана қаласының әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасының әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы "Алматы", "Байқоңыр", "Сарыарқа", "Есіл" аудандары бойынша төмендегі мекен-жайына хабарласуға болады: Достық көшесі 13, Байланыс телефондары: 55-68-22, 55-68-40, 55-68-45, 55-68-34.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!