Елорданың қоғамдық орындарында маска тегін таратылуда

15:59, 3 маусым 2020
543

Күн сайын тәртіп сақшылары мен еріктілер адамдар көп жүретін қоғамдық орындарда, саябақтарда жаяу патрульдік тексеріске шығады, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Олар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін санитарлық нормаларды сақтау қажеті туралы қала тұрғындарына түсіндіру жүргізуде. ⠀

Полиция қызметкерлері мен еріктілер санитарлық нормалар толық сақталмайынша елордадағы карантин режимі аяқталмайтыны, тіпті ұзартылуы мүмкін екенін тұрғындарға түсіндіруде. Сонымен қатар, олар тегін маска да таратты. ⠀

Санитарлық талаптар мен гигиена ережелерін сақтау – вируспен күресудің ең тиімді тәсілі. Елордалықтардың күнделікті өмір салтына оралуы тікелей өздеріне байланысты. ⠀

Сонымен қатар тәртіп сақшылары санитарлық нормаларды толықтай сақтауға шақырады. Атап айтқанда, маска тағып, 2 метр әлеуметтік қашықтық сақтау, қолды антисептикпен өңдеу өте маңызды. Сондай-ақ үйді желдету және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды тазалау да қажет.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!