Елордалықтар Тәуелсіздік күні мерекелік отшашуды қай жерде тамашалай алады

12:13, 11 желтоқсан 2019
445

16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтары мерекелік отшашуды қаланың барлық аудандарында тамашалай алады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік отшашуды астаналықтар Есіл өзенінің жағалауынан (Сарыарқа ауданы, Орталық саябақ), Хан шатыр маңында (Есіл ауданы), сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында (Алматы және Байқоңыр аудандарының қиылысында) тамашалауға мүмкіндігі бар.

Отшашу жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталып, 10 минут бойы жалғасады.

"Фейерверктің техникалық сипаттамаларына сай, әр нүктеден 4500-ден 5000-ға дейін фейерверк ату жоспарлануда. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында әр нүктеде 7 адамнан жұмыс істейді. Сондай-ақ мерекелік отшашу қаланың биік ғимараттарымен қоршалмаған кез келген нүктесінен көрінетіндігін атап өту қажет", - делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, отшашу өткізуге бюджет қаржысы жұмсалмайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!