Елордалық дәмханадағы жарылыс салдарынан ауруханаға түскен адамның бірі көз жұмды

Елордада өткен сенбіде болған жарылыс салдарынан тағы бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан 24 жасар ер адам көз жұмды.
Дәрігерлердің айтуынша, марқұмның жағдайы өте ауыр болған. Ол үйінді астынан табылған болатын. Ауыр бас-сүйек жарақатын алған науқасты дәрігерлер ақыры аман алып қала алмапты.
Айта кетсек, өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласының Шұбар ауданындағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 30-ға жуық адам зардап шекті, бір әйел қаза тапты. Зардап шеккен 23 адам ауруханаға жатқызылып, 11-і үйіне қайтарылған болатын. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 20 қаңтар 2021
Қазақ түрмесіндегі неміске Германиядағы ғашығынан хат келді
-
21:43, 20 қаңтар 2021
Балқаш ауданының бас полицейі: онлайн саудада мұқият болыңыз!
-
17:58, 20 қаңтар 2021
Өзін "банк қызметкерімін" деп таныстарған адамға сенген ақтөбелік 1,2 млн теңгесінен айырылды
-
17:52, 20 қаңтар 2021
Атыраулық бойжеткен жігітін тонауға ат салысқан
-
17:37, 20 қаңтар 2021
ШҚО-да республикалық ақындар айтысы өтеді
Пікір