Елордадағы форумда қорғаныс техникасын жасау бағыты басты назарға алынды
Қазақстанның жаңа индустрияландыруы: жоғары технологиялық машина жасау. Астанада осы тақырыпты талқыға салған Қазақстан машина жасаушылардың форумы басталды. Жиында қорғаныстық техника жасау бағыты басты назарға алынған. Басқосу қалай өтіп жатыр?
Ердәулет Байдуллаев, тілші:
Аталмыш форум осымен бесінші рет ұйымдастырылды. Оның жұмысына Қазақстанда тіркелген әскери атташелер, күштік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік машина жасау компанияларының өкілдері қатысуда. Жиын жаңа ғана басталды. Оның күн тәртібі туралы маманнан сұрап білсек. Жаңа естігеніміздей форум бірнеше сала бойынша жиналыстардан тұрады. Онда қандай тақырыптыр талқыланады?
Жалпы қорғаныс саласында бұған дейін бірқатар жоба іске асырылған. Оларды атап айтатын болсақ, EC145 тікұшақтарын құрастыру және техникалық қызмет көрсету жолға қойылыпты. Броньдалған доңғалақты көлік құралдарын өндіру зауыттары да салынған. Бұрғылау қондырғыларын, вагон, жүк автомобильдері, тіркемелер, тактикалық және жедел радиостанцияларды өндіру, авиация және арнайы техниканы жөндеу мен жаңғырту өндірістері қалыптасқан.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:11, 23 сәуір 2024
Найзағай, жауын-шашын: барлық дерлік өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:50, 23 сәуір 2024
Мария Дмитриенко Олимпиадаға іріктеуден өтті
-
19:23, 23 сәуір 2024
Министр: Жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша білім басқармалары басшыларына жеке жауапкершілік жүктеледі
-
19:00, 23 сәуір 2024
Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелді
-
18:35, 23 сәуір 2024
Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады