Елордада заңсыз салынған нысандар сүріле бастады

17:11, 12 желтоқсан 2019
245

Есіл аудандық сотының шешімімен Нұр-Сұлтандағы заңсыз бой көтерген нысандар сүріле бастады, деп хабарлады zakon.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі кезде заңсыз салынған ғимараттарды сүру ісі бойынша Шұбар тұрғын үй алабындағы Құлынды көшесіндегі 3 үйде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

"Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ басшысы Төлеген Құлышевтың айтуынша, 2017 жылдың 20 маусымда аталған ғимарат иесіне функционалды мақсатын өзгертпей, тұрғын үйді қайта құру туралы шешім қабылданған. Алайда, ғимарат иесі тұрғын үйді бұзып, өз еркімен төрт қабатты жаңа үйдің құрылысын бастайды. Бұл әрекеті үшін құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, анықталған ескертулерді жою туралы бұйрық шығарылады.

"Ғимарат иесіне бірнеше рет сот орындаушылары тарапынан ескертулер берілді, алайда нысан қожайыны сот қаулысын орындаған жоқ. 1000 кВ метр алаңын толық жабатын 4 қабатты комерциялық мақсаттағы үйді заңсыз әрі құрылыс қызметі саласындағы стандарттарды ескермей көтермек болған. Аталған ғимаратты сүру арқылы Нұр-Сұлтандағы заңсыз салынған барлық нысандардың сүрілетіндігін хабарлаймыз", - деді Т.Құлышев.

Бүгінде сот шешімін орындау және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында нысанды бұзу жұмыстары басталды. Сүру жұмысы бір ай бойы жүргізіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!