Елордада The Spirit of Astana фестивалі басталды

12:05, 24 маусым 2017

Астанада 23-24 маусым «The Spirit of Astana» халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалі өтуде.

Бүгінде ұлттық деңгейдегі мәдени бренд статусы бар «The Spirit of Tengri» халықаралық жобасы аясында Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп«The Spirit of Astana» фестивалі өтуде.

«The Spirit of Astana» – әлемдегі заманауи этникалық музыканың ең белгілі өкілдерін Қазақстан жерінде біріктіруге бағытталған мульти-мәдени жоба.

Фестивальдің салтанатты ашылуына қала әкімі Әсет Исекешев қатысты.

– «The Spirit of Astana» фестивалін біз жыл сайын өткізуді жоспарладық. Бүгін шараны Астана төріндегі «Бәйтеректің» жанында ұйымдастырдық. Фестивальдің ауқымы кеңеюде. Сол себепті, келесі жылы біз стадионда өткізбекшіміз. Сондықтан сол мақсатпен ұйымдастырудамыз, дәстүрлі түрде өткіземіз, – деді фестиваль қатысушыларына арнаған сөзінде Әсет Исекешев.

Фестиваль күндері «Бәйтерек» монументі алдындағы сахнаға Африка, АҚШ, Македония, Грузия, Венгрия, Ресей, Қазақстан, Башқұртстан, Бурятия, Тува және өзге де елдердің музыкалық ұжымдары өнер көрсетеді.

Жалпы саны 14 ұжым мерекеде қонақтарды өнерлерімен тәнті етпек.

Келушілерді ауқымды музыкалық бағдарлама күтіп тұр.

Қазақстан атына «Tigrahaud» рок тобы, Қазақстан сахнасының мэтрі  Edil Khusainov and Satzhan Project,«Барабаны Алматы» ұрмалы аспаптар музыкалық жобасы шығады.

–  Мен де мұндай фестиваль танымал болады деп ойлаймын. Өте тамаша шара, мен осындай музыканы жақсы көремін. Батыр Қазыбаев және Жанна Қастееваны көптен бері танимын. Қазір көптеген шаралар өткізіліп жатса да, бұл фестиваль астаналықтар арасында танымал болатынына сенімдімін. Сапалы музыка сүйер тыңдарман жоғары бағасын береріне күмәнім жоқ, – деді әкім.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!