Елордада мас жүргізуші көлік ұрлағаны үшін жазаланды
© Фото: Zakon.kz
Қалалық полицияға белгілі бір азаматтың 39 жастағы қала тұрғынына тиесілі Ravon Nexia автокөлігін иемденіп алғаны туралы хабарлама түскен.
Ер адам мас күйінде тұрғын үй кешенінің ауласында тұрған көлікті ұрлап, онымен жол-көлік оқиғасына түскен.
Нәтижесінде жәбірленушіге 3 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Алматы аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында танысының шетелдік көлігін айдап әкеткен 26 жастағы жас жігітті анықтап, құрықтады.
Ол алкогольдік ішімдікті бірге ішкеннен кейін бөтеннің көлігіне мінуге бел буған. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, жасаған қылмысына өкінді.
Автокөлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған көлік иесіне қайтарылды, ал ұсталған азамат қосымша тергеу жүргізу үшін полицияға тапсырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:43, 13 желтоқсан 2024
СҚО-да жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 600-ге жуық дерегі тіркелген
-
16:34, 13 желтоқсан 2024
Әкімдер заңнаманы қаншалықты сақтайды - құзыретті орган өңір басшыларын біртіндеп тексерді
-
16:29, 13 желтоқсан 2024
Қазақстандық еріктілер 2024 жылы 3200 ағаш отырғызып, 240 тонна қоқыс жинады.
-
16:14, 13 желтоқсан 2024
Оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу: айыпталушылардың бірі шамамен 7 жылға сотталды
-
16:07, 13 желтоқсан 2024
Үш күнге арналған ауа райы болжамы: Шымкентте күн суытады, ал Алматы мен Астанада қар жауады