Елордада Махатма Ганди мен Қаныш Сатбаевтың құрметіне ескерткіштер орнатылады

14:55, 21 қаңтар 2020
240

Елордада үнді саясаткері Махатма Ганди мен қазақ академигі Қаныш Сәтбаевтың құрметіне ескерткіштер орнатылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бүгінде ескерткіштерді орнату жоспада бар, бірақ қай кезде екенін қазір айта алмаймын. Мәселен, Махатма Ганди, Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш қою жоспары бар", - деді ол.

Қазір ол ескерткіштерді қай жерде орнату керектігі анықталып жатқанын жеткізді.

"Неге анықталуда дейсіз бе? Өйткені ескерткішті кез келген жерге қоя алмаймыз ғой. Сондықтан ескерткіш қоюға болатын жерлерде орнататын боламыз. Мәселен, Қаныш Сәтбаевтың ескерткішін Қажымұқан мен Сәтбаев көшесінің қиылысында қойылса ыңғайлы болар еді", - деді Уранхаев баспасөз мәслихатында.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!