Елордада иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеу жүргізіліп жатыр

13:50, 20 сәуір 2021

© Сурет: Елорда әкімдігі

Нұр-Сұлтан қаласы "Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" ММ "Столичная дезинфекция" ЖШС-мен бірлесіп, осы жылдың 13 сәуірінен бері иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеуден жүргізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оның барысында 100-ге жуық үй тегін дезинсекциялық өңдеуден өтеді.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының қатысуымен және энтомолог мамандарды тартумен күнделікті негізде уақытша және тұрақты су айдындарында бақылау және мониторинг жүргізіледі. Аталған іс-шаралар масалар мен шіркейлердің санын азайту үшін Нұр-Сұлтан қаласында алдын алу шаралары ретінде жүргізіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!