Елордада екі жалаңаш жігіт түн тыныштығын бұзды

13:29, 19 сәуір 2021

© Сурет: Pixabay

Нұр-Сұлтан қалалық полиция қызметкерлері көшеде төбелеспек болған екі жігітті тапты. Олардың бірі көліктердің үстіне секірген, деп хабарлайды zakon.kz.

Видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Оқыс оқиға түнгі сағат 03: 30-да Петров көшесіндегі үйдің ауласында болған. Видеода жартылай жалаңаш жастардың төбелеспекші болғаны көрсетіледі. Содан кейін олардың біреуі аулада тұрған көліктердің үстіне бірінен кейін біріне секіреді. Соған қарағанда олар ұрымтал тұстан өздерін видеоға түсіріп тұрғанын байқаған секілді.

Барлық құқық бұзушылар анықталып, полицияға жеткізілді.

Құқық бұзушылар ұсақ бұзақылық үшін, қоғамдық орында мас күйінде болғаны және түн тыныштығын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Зиянды өтеу үшін көлік иелері анықталып жатыр, - деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД Алматы аудандық ПБ басшысы Дастан Қалиев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!