Елордада Astana Open ATP 500 турнирінің жеребесі тартылды

15:03, 1 қазан 2022

© Сурет: Қазақстан теннис федерациясы

1 қазанда Beeline Arenaұлттық теннис орталығының баспасөз алаңында Astana Open ATP 500 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, еліміздің бірінші, әлемнің 41-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 52-орында тұрған нидерландылық Таллон Грикспурмен кездеседі.

Михаил Кукушкин әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен ойнайды.

Ақтау теннис мектебінің түлегі, 21 жастағы Бейбіт Жукаев әлемнің 35-ракеткасы, нидерландылық Ботик ван де Зандсхулппен кортқа шығады.

Әлемнің бірінші ракеткасы, US Open-2022 турнирінің чемпионы, испаниялық Карлос Алькарас рейтингте 31-сатыдағы даниялық Хольгер Рунемен сынға түседі.

Жарыстың екінші ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев испаниялық Альберт Рамос Виноласқа қарсылас атанды.

Додаға сондай-ақ «Үлкен дулыға» турнирінің 21 дүркін чемпионы, сербиялық Новак Джокович (жарыстың 4-ракеткасы), ресейлік Андрей Рублев (5), италиялық Янник Синнер (6), поляк Хуберт Хуркач (7), канадалық Феликс Оже-Альяссим (8) және басқалар қатысады.

Турнирге қатысушылардың құрамы өте мықты. "Мастерс" және "Үлкен дулыға" жарыстарынан кем түспейді. Сондықтан матчтар өте тартысты өтетін болады. Өз шеберлігімді көрсету үшін бар күшімді саламын, - деді Даниил Медведев.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!