Елордада апатқа қатысты құрылған комиссия оперативті режимде жұмыс істеп жатыр

17:58, 11 қараша 2019
341

ҚР Премьер-министрі Роман Склярдың төрағалық етуімен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтанның сол жағалауында электр энергиясының өшіп қалу себептерін анықтау және осы проблеманы шешу үшін алдын-ала шаралар қолдану мақсатында құрылған арнайы комиссияның алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Отырыс аясында Энергетика министрлігіне жарықтың ажырау себептерін анықтау үшін шұғыл түрде сараптама жүргізу тапсырылды, алдағы уақытта осындай жағдайлар қайталанбауы үшін тиісті тексеріс жүргізу қажеттігі аталып өтті", делінеді хабарламада.

Комиссия жұмысы оперативті режимде жалғасуда.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырған болатын.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды. Оған вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді. Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді. Президент Үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті, - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің facebook-тегі парақшасында.

10 қарашада елордадағы "Сол жағалау" қосалқы станциясында болған апатқа байланысты елорданың сол жағалауының 70% -ы электр жарығынсыз қалды, оның ішінде Ақорда, Парламент Мәжілісі, Министрлер үйі, Үкімет үйі, Жоғарғы Сот, Сенат және көптеген тұрғын үй кешендері де бар.

Елорданың әкімі Алтай Көлгінов желіде ақау орын алған жерге барды. Қала әкімі апаттың себебін анықтауға тапсырма берді.

11 қарашада таңертең тоғыз көп пәтерлі тұрғын үй кешені, сондай-ақ Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер үйі, Үкімет үйі, Жоғарғы Сот сынды стратегиялық нысандарға жарық берілгені белгілі болды.

Осылайша, 9 тұрғын үй кешені: "Уют", Crown Plaza, Tұмар (2 үй), Art House, Viva Plaza, Алатау, Жасыл бульварға жарық берілді.

"Бәйтерек" монументі, "Керуен" сауда орталығы, "Изумрудный кварталы" бизнес-орталығын, Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттарын жарыққа қосу жұмыстары әлі жүргізілуде. Кабельдік желіде апат болып, оны 15 адамнан және 6 техникадан тұратын арнайы жұмысшы топ қалпына келтірді.

Ақауды жою кезінде қауіпсіздік мақсатында ғимараттар электрден ажыратылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!