Елорадада қоғамдық көлік қозғалысының кестесі өзгерді

16:57, 15 мамыр 2020
681

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік рейстері әдеттегіден бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа кеш аяқталады, деп хабарлады zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласы бағдарларының жүру кестесі өзгерді. Енді автобустар сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін жүреді.

Бұған дейін сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін қатынады.

Алғашқы күні (12 мамыр) жолаушылар ағыны 146 907 адамды құрады. Оның ішінде 2 787 оқушылар, 36 884 жеңілдігі бар азаматтар. 13 мамыр күні жолаушылар ағыны 205 295 адамды құрады, оның 3 686-сы оқушылар, 48 418-і жеңілдігі бар азаматтар. Карантинге дейін жолаушылар ағыны 762 мыңды құраған. Қазір линияға қалалық бағдарлар шықты. Екініші кезеңде қала маңына қатынайтын бағдарлар шығады. Қозғалыс қалпына келтірілген кезде қосымша хабарланады. Барлық автобустарға бұрынғыдай дезинфекция жүргізіледі.

Автобус жүргізушілері барлық қауіпсіздік шараларын сақтайды: бетперде, қолғап киіп, антисептиктерді қолданады. Аталған шараларды жолаушылар да сақтауы қажет. Сонымен қатар жүргізушілер билет сатуды уақытша тоқтатты. Жол жүру үшін көлік карталарын және жолақы төлеудің балама тәсілдерін қолдануға болады. Олар SMS, QR-код және мобильді қосымшалар. Карантин енгізілгенге дейін қолма-қол ақшасыз төлем үлесі 98%-ды құрады. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері және жүргізушілердің өздері автобустағы ережелерді жолаушыларға барынша түсіндіреді. Бұл ережелер: алдыңғы есік арқылы кіру, бетперде кию және қолма-қол ақшасыз төлем.

Жолаушылардың алдыңғы есік арқылы кіруі, қалған екі есік арқылы шығуы жүргізушілердің жолаушылар санын, оларда маскалардың болуын бақылау үшін, сондай-ақ қажет болған жағдайда жолаушыларға осы ережелерді түсіндіруі үшін орындалады. Карантин кезінде сатып алынған айлық жол жүру тарифтері пайдаланушылардың көлік карталарына қайта жүктелді.

Айлық жол жүру 12 мамырдан 11 маусымға дейін жарамды. Еске сала кетейік, 28 наурыздан бастап қосымша тарифтер іске қосылды. Елордада қоғамдық көлікте 18 жасқа дейінгі балалар көлік картасы бар болған жағдайда тегін жүре алады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!