Әлназарова Астанада мезгілсіз көз жұмған жас дәрігердің өліміне қатысты мәліметтерді ашты
© Сурет: Facebook/№ 1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы
2025 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Астанада қайтыс болған балалар анестезиолог-реаниматологы Александр Грабтың өліміне қатысты себепті атады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ақмарал Әлназарова жас дәрігердің қайтыс болуы тек бір ғана медициналық ұйым үшін емес, бүкіл денсаулық сақтау жүйесі үшін орны толмас қайғы екенін атап өтті.
"Сот-медициналық сараптама нәтижесінде қойылған алдын ала диагноз – миокард инфаркті. Өкінішке қарай, осындай жағдай. Марқұмның отбасына, ата-анасына көңіл айтамын. Өте жас дәрігер еді. Ол бізде тапшы маман – реаниматолог-анестезиолог, оның үстіне педиатр болатын. Сондықтан бұл – біздің жүйе үшін және менің өзім үшін де орны толмас қаза", – деді министр.
Ол қазіргі кезде барлық медицина қызметкерлері, әсіресе реанимация, акушерлік және гинекология, перинаталдық орталықтар, неонатология сынды күрделі салаларда жұмыс істейтін мамандар үлкен психоэмоционалдық жүктемеге ұшырап отырғанын айтты.
"Осы мүмкіндікті пайдаланып, халқымызға үндеу жасағым келеді: медицина қызметкерлерінің еңбегіне құрметпен қарап, бағалайық. Біз оларды заңнамалық деңгейде қорғаймыз, әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етеміз. Бірақ бұл жеткіліксіз. Сондықтан қоғам медицина қызметкерлерін қолдауы тиіс деп ойлаймын. Бұл жағдай – дәрігердің өз өмірін, уақытын медицинаға арнап, "өзі жанып, өзгеге жарық сыйлағанының" айқын мысалы", – деп түйіндеді Ақмарал Әлназарова.
Бұған дейін Динара Закиева балаларға қатысты қылмыстардың азайғанын мәлімдегенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:03, 7 желтоқсан 2025
Қостанайдағы мектептерде «қашықтан оқыту» қашан тоқтатылады
-
13:58, 7 желтоқсан 2025
Атырауда зиратты талқандаған үш жасөспірім ұсталды
-
13:20, 7 желтоқсан 2025
Ақтаудағы аялдамада ер адамның мәйіті табылды
-
12:41, 7 желтоқсан 2025
«Медеуде» жаңа SUN-DECK демалыс аймағы құрылады
-
12:10, 7 желтоқсан 2025
Алматыда қылмыс деңгейі азайды – Ішкі істер министрі





