Ёлка, НурАбиНаз, Жанымсол

22:31, 1 желтоқсан 2021
249

© Pixabay

Ерекше есім иелерінен сұқбат алынды.

Қазақстанда сирек кездесетін есімдер анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елімізде ерекше әрі Қазақстанды айшықтайтын есімдер жиі кездеседі. Ең қызығы, Атазаң, Тәуелсіздік, Бәйтерек, Теңге деген ныспылар да жаңа туған балаларға жиі қойылуда. Тәуелсіздіктен кейін трендке шыққан талай атты естігенде таңқалдық. «Еуразия» бірінші арнасы ерек есімді адамдарды іздеп, арнайы сюжет әзірледі.

Еліміздегі есімі ерекше жандардың бірі - Тәуелсіздік. Жасы 10-да. 2011 жылдың 1 желтоқсанында шыр етіп дүние есігін ашқан тұңғыш перзенттерін ата-анасы азат елдің арда азаматы болсын деген ырыммен осылай атапты. Бұл отбасы бірнеше жыл бала сүйе алмаған екен. Ал ел тәуелсіздігінің 20 жылдығында шаңырақтарын шаттыққа бөлек, өмірге шекесі торсықтай ұлдары келгенде ұлан асыр той жасаған.

Тәуелсіздік деп қойғаным, ел жұртымыз аман болсын, тыныш болсын. Ешкімге тәуелді болмасын деп қойдым атын. Тәуелсіздіктің әкесі Батырбек Қабанбаев

Тәуелсіздік - озат оқушы. Қазақстан тарихын сүйіп оқиды. Жас болса да арманы мен мақсаты айқын.

Атым - Тәуелсіздік. Атым өзіме қатты ұнайды. Болашақта өз еліме қызмет етсем деймін. Жаркент қаласының тұрғыны Тәуелсіздік Батырбекұлы

Бізде елімізде Қазақстанды айшықтайтын есімдер кездеседі.

Оның ішінде Тәуелсіздік есімді азамат бар, Атазаң деген есім бар, соның ішінде Теңге деген қойылған кездеседі. Оның ішінде жиі кездесетіні - Теңге есімі, ол 86 адамға қойылған екен. Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі Олжас Сайлаубекұлы

Сирек кездесетін, бірақ ерекше есімдердің бірі -  Бәйтерек.  Жеткіншекті біз елордадан іздеп таптық. Жасы - 13-те. Атын әжесі қойыпты.  

Көбісі таң қалады. «Бәйтерек деп кім қойды» деп сұрайды. «Не үшін, не мағына» деп. Болашақта дәрігер мамандығы жағына барғым келеді. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Бәйтерек Исабай
Белгілі, танымал композитор, дирижер-педогог  Сейдолла Бәйтерек, сол кісінің есімін қойды. Тұңғыш ұлым болғаннан кейін мамам есімін қойсын дедік. Мама таңдаған есіммен келістім. Бәйтеректің анасы Жұлдыз Қалжан

Ежелден баласының атын қандай да бір жақсы оқиғамен байланыстырып, ырымдап қоюға бейім қазақ бұл әдетінен қазір де жаңылмаған. Елімізде атын айтқанда құлақты елең еткізетін есімдер де баршылық. Мәселен, есімі Астана, Олимпиада, Азиада, Сайлау, Елка, НурАбиНаз,  Бауыржанмомыш,  Жанымсол деген адамдарды да ара-тұра кездестіруге болады.

Сондай-ақ, сирек кездесетін есімдер де тіркеледі. Оның ішіне Тәңір-Жомарт, Сүйкімді, Нұрпатшайым, есімдерде кездеседі. Сонымен қатар, қоғам қайраткерлері, тарихи тұлғаларға қойылатын есімі ғана емес фамилиясы сәйкес келетін азаматтар да бар. Мысалы Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин есімді азаматтар тұрып жатыр. Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі Олжас Сайлаубекұлы

Ең қызығы, баласына қала мен облыс орталықтарының атын қойған ата-аналар да бар. Ондағысы Қазақстаннан екені айшықталып тұрсын дегені болар.

Ресми статистикаға сүйенсек, елімізде  ҚАЗАҚСТАН - 35, СЕМЕЙ -28, АСТАНА -26,ТҮРКІСТАН -26, АЛМАТЫ-21, АТЫРАУ -15 , ТАРАЗ -14, ҚОСТАНАЙ -12, АҚТАУ -10 деген адам аттары да бар екен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!