Еліміздің үш облысында өзен суларының деңгейі көтерілуі мүмкін

11:36, 18 наурыз 2019
254

Синоптиктер Қазақстанның үш өңірінде өзен суларының көтерілу қауіпінің барын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"18-20 наурыз аралығында күн райының жылуына байланысты Шығыс-Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қар еріп, мұздық қабаттар сөгіліп, өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 18 наурыз күні еліміздің батысы мен шығысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа-райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жауын-шашын түседі. Республиканың қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейюі мүмкін екендігі де болжанып отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!