Еліміздің үш облысында көктайғақ болатыны ескертілді

17:26, 28 қаңтар 2021

Қазақстанның үш облысында ауа-райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Сондай-ақ, кей жерлерде солтүстік-шығыстан соққан желдің оңтүстік-батысқа ойысуы болжанады, 30 қаңтарда желдің епкіні - 15-20 м /с және 1ақпанда желдің екіпін - 23-28 м /с құрайды.

Таразда тұман түседі деп күтіледі. 1-2 ақпанда көктайғақ болуы мүмкін. 30 қаңтар мен 1 ақпанда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м /с, кейде 23 м /с болады.

Ақмола облысында кей жерлерінде тұман түседі, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м /с құрайды.

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел кей жерлерде 15-20 м /с болады.

Оралда түнде және 29 қаңтарда таңертең тұман түседі деп күтіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!